$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда аудандық соттың лауазымды қызметкері ұсталды

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр

Алматыда аудандық соттың лауазымды қызметкері ұсталды
Фото: og.ru

Алматыда Әуезов аудандық сотының қызметкері ұсталды. Ол пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.   

Алматы қалалық сотының Facebook-парақшасына сот қызметкерінің осыдан екі күн бұрын тұтқындалғаны туралы ақпарат жарияланды.

«Осы жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жоғары соттың ішкі қауіпсіздік және жемқорлыққа қарсы бөлімімен бірлесіп, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының сотының қызметкерін ұстады. Мемлекеттік қызметкер пара алды деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар қалалық сот қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын атап өтті.

«Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды», - деді соттың баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары