ҰҚК тыңшылық жасады деген күдікпен шетел азаматын ұстады

Azattyq Rýhy

Сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен бір топ адам қолға түсті

 
ҰҚК тыңшылық жасады деген күдікпен шетел азаматын ұстады
Видеодан кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасады, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинап, жария етті деген күдіпен бір топ адамды, оның ішінде шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды, - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу соты аталған адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Қылмыстық істердің «Құпия» белгісі болуына байланысты тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.