Павлодарда кәсіпкерден 52 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ басшысы ұсталды

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Павлодарда кәсіпкерден 52 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ басшысы ұсталды
Көрнекі сурет: vestikavkaza.ru

Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 15 сәуірде сағат 13.50-де Павлодар қаласы Ткачев көшесіндегі бассейндердің бірінің жанында ПД жедел қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдасқан ұылмыстық топ басшысын ұстады.

«Жедел уәкілдер ұйымдасқан қылмыстық топтың 54 жастағы басшысының 40 жастағы павлодарлықпен алдын ала сөз байласу арқылы жергілікті ЖШС бас директорынан және оның орынбасарына психологиялық қысым және күш қолдану арқылы 52 млн теңгеден астам ақша бопсалаған», - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр. 

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті тұтқындалды.

Айта кетсек, жыл басынан бері Павлодар облысында бопсалаудың 6 фактісі тіркеліп, барлығы ашылды.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.