ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте тағы 225 адам індет жұқтырған

Алматы облысында жоғалған 2 оқушы қыз табылды

Тәртіп сақшылары оқиғаның қалай өрбігенін анықтап жатыр 

Алматы облысының Ескелді ауданында қаңтардың 21-і жоғалған қыздар табылды. Оқушылар Алматы қаласы Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен табылып ата-анасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқушы қыздар мектептен кейін үйге қайтпай кетіп қалу себебін Алматы қаласын көргіміз келді деп түсіндірген. Қазіргі таңда екеуі де аман-есен отбасымен қауышты.

Тәртіп сақшылары оқиғаның қалай өрбігенін нақтылап жатыр.

Қыздардың ата-аналары Ару мен Талшынды іздестіруге жұмылған барша азаматтарды, Ескелді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтып ризашылығын білдірді.

Естеріңізде болса Алматы облысында екі жеткіншектің жоғалып, бір тәуліктен бері табылмай жатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған