22.01.2020, 12:13
Оқиғалар
Алматы облысында екі жеткіншек жоғалып кетті
Олардың үлкені 8-сыныпта, кішісі 6-сыныпта оқиды
Алматы облысына қарасты Ескелді ауданында мектеп жасындағы екі қыз жоғалып кетті деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
21 қаңтар күні аудандық полиция бөліміне Алдабергенов ауылының екі тұрғыны арызданып, қыздарының үйге келмегендігін айтқан. Жоғалған қыздардың бірі 2006, екіншісі 2008 жылы туған.
8-сыныпта оқитын Ару Бекберді үстіне қызғылт түсті куртка, қара бас киім және шалбар киген.
6-сыныпта оқитын Талшын Қызырбай қызыл түсті куртка, қоңыр бас киім және шалбар киген.
Қазіргі таңда іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаментінің басшысы істі өз бақылауына алған.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
