Қостанай облысында оқушы қызды зорлады деп айыпталған мұғалім суицид жасады

Azattyq Rýhy

Марқұмның артында отбасы мен үш баласы қалды

Қостанай облысында оқушы қызды зорлады деп айыпталған мұғалім суицид жасады
Фото: report.az

Қостанай облысында 42 жастағы мектеп мұғалімі өз-өзіне қол жұмсап көз жұмды. Бұған оның кәмелетке толмаған оқушы қызды зорлады деп айыпталу себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Tobolinfo.kz порталына сілтеме жасап

Әуеликөл ауданына қарасты Бағалы ауылы мұғалімінің өзіне қол жұмсауына Қостанайдан оны арнайы іздеп келген ер адаммен төбелесуі себеп болуы мүмкін. Екеудің арасында болған жанжал кезінде мұғалімнің кәмелетке толмаған қыз баламен ұзақ уақыт жыныстық қатынаста болғаны анықталған.

«Оқушымен жыныстық қатынасқа түсу дерегі қыздың жергілікті мектепте оқып жүріп, спортпен айналысқан уақытында болған. Жасөспірім кейіннен Қостанайға кетіп қалды, қазір ол 17 жаста. Қостанайда жүргенде қыз 50 жастағы ер адаммен танысып, оған мұғаліммен алғашқы жыныстық қатынасы туралы әңгімелеп берген. Ол ер адам мұғалімнің жазасын беру үшін арнайы келіп, «кәмелетке толмаған қызды зорладың» деп арыз жазатынын айтып қорқытқан және соққыға жыққан», - дейді аудан тұрғындарының бірі.

Аталған оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. 

«Иә, Әулиекөл ауданында суицидтің болғаны рас», - деп қысқа жауап берді облыстық ПД өкілдері.

Марқұмның артында отбасы мен үш баласы қалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.