22.01.2020, 23:53
Оқиғалар
Оралда 36 жастағы әйел күйеуін өлтірді
Оқиға 20 қаңтарда болған
Фото: ашық дереккөзден
Оралда туыстарының үйіне қонаққа барып келгеннен кейін ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындаған. Нәтижесінде әйелі күйеуін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 20 қаңтар күні түнгі сағат 02.00 шамасында болды. Туыстарының үйінен қонақтан келген ерлі-зайыптылар мас болған. Екеуі жанжалдасып қалғаннан кейін 36 жастағы әйел күйеуін пышақтап өлтірген», - дейді ПД өкілдері.
Күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне (кісі өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)