Нұр-Сұлтанда ер адам бұрынғы әйелін анасының көзінше аяусыз соққыға жыққан

Azattyq Rýhy

Оқиға болған күні ол келіншекті аялдамада аңдып тұрып соққыға жығып кеткен

Нұр-Сұлтанда ер адам бұрынғы әйелін анасының көзінше аяусыз соққыға жыққан

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бұрынғы әйелін оның анасының көзінше аялдамада соққыға жығып тастаған, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy тілшісі astanovka98/6465 телеграм-арнасына сілтеме жасай отырып.

Белгілі болғандай, ер адам ажырасқан соң 9 айдан бері ажырасып кеткен әйелінің ізіне түсіп, ұрып-соғып, түрлі қорлық көрсетіп жүрген көрінеді. Оқиға болған күні де ол келіншекті аялдамада аңдып тұрып, соққыға жығып кеткен.  

«Бүгін таңертең автобус аялдамасында ол сіңлімді аңдып тұрып бас салып, анамыздың көзінше тепкілеп тастаған. Сіңлім бұрынғы күйеуі тарапынан көп қиындық көріп жүргендіктен, жұмысқа бізбен, анаммен немесе менімен шығуға мәжбүр», - дейді келіншектің анасы.

Туыстарының айтуынша, ер адам бұрынғы әйеліне жасырын нөмірлерден хабарласып, үйінің де, жұмысының маңын торуылдап, күн бермей келеді. Келіншектің жақындары полицияға 40 рет арызданып жатып, қорғау нұсқамасына әрең қол жеткізіпті. Нұсқамаға сәйкес ер адамның жәбірленушіге жақындауына және телефон соғуына тыйым салынған екен, алайда ол аталған тыйымды елеместен, бірнеше мәрте бұзған.

Бұрынғы ерлі-зайыптыларға қатысты сот бірнеше рет кейінге шегеріліп, ер адамға тек ескерту беріліп келгені анықталды. Туыстары жыл бойы құзырлы органдарға қанша жүгінсе де «аудандық полиция мен ішкі істер бөлімі ештеңе істемей, тек арызды қабылдап қана келген.

Жәбірленушінің әпкесі сіңлісінің өмірі үшін қатты қорқатынын айтады.

«Енді онымен қалай күресетінімізді де білмейміз, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қауқарсыз болып отыр әлсіз», - дейді қатты шошынып қалған келіншектің туыстары.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.