Павлодар облысында биіктен құлаған балаға ота жасалды
Жеткіншектің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр
Бүгінгі таңда жасөспірім қажетті ем алуда, бірнеше кезеңде хирургиялық емдеу жоспарлануда, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жеткіншектің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
«2008 жылы туған бала 9 сәуір күні көптеген жарақаттармен жеткізілді. Жедел медициналық көмек қызметкерлерінің айтуынша, бала қараусыз қалған ғимараттан сағат 19:30-да құлаған. Отоларингологиялық бөлімшеге жабық бас миының жарақаты және мидың шайқалуы, төменгі жақтың сынуы диагнозымен жатқызылды. Дененің және аяқтың көгеруі тіркелді, - деді басқармада.
Баланың қолына операция жасалған, енді жағына жасау жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінде жасөспірім 10 метр биіктіктен құлап кеткен.