12.04.2022, 08:24
Оқиғалар
Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді
Жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Фото: zakon.kz
Алматыда ер адамды көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Zakon.kz порталының жазуынша, қайғылы оқиға түнде Бұқтырма көшесінде болған.
«Toyota Corolla автокөлігі Бұқтырма көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Көлік жүргізушісінің айтуынша, жолдың жарығы жоқ бөлігінен өтіп бара жатқанда күтпеген жерден жаяу жүргінші жүгіріп шыққан», - делінген қалалық полиция департаментінің ақпаратында.
Жүргізуші тежегішін басып үлгермеген. Қатты соққы салдарынан 50 метрден астам жерге ұшып кеткен ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Жол полициясы қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Көп оқылған
09.09.2026, 10:10
Оралда ер адам танысын асқан жауыздықпен пышақтап өлтіріп, сотта өзін қорғадым деп ақталған
09.09.2026, 12:05
«Бес қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салып жіберген»: Ұлдана Мырзуанның сотында сарапшы сұмдық мәліметті жария етті
09.09.2026, 14:32
Бір топ еркекпен жеке қалған: ақтөбелік әйел қызының көзінше тікелей эфирде былапыт сөйлеген (ВИДЕО)
09.09.2026, 13:37
Баян Алагөзова дінге қатысты желідегі жазбасы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады