12.04.2022, 00:31
Оқиғалар
Астана тұрғыны супермаркеттің сақтау камерасынан ұялы телефон ұрлап кетті
39 жастағы елордалық әйелдің бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған
фото 3dnews.ru сайтынан
Астана тұрғыны супермаркеттің сақтау камерасынан ұялы телефон ұрлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Магнум» супермаркетіне келген әйел сақтау камерасының жанындағы сатып алушылардың ағынын пайдаланып, бос ұяшықтың кілтін алып, басқа ұяшықты ашып алған. Ол алып шыққан сөмкеде құны 450 мың теңге тұратын «Айфон 12» телефоны болған», деп көрсетті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оның бұл әрекеті супермаркеттегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, күдіктіден ұрланған заттар тәркіленді.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды