$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.04.2022, 08:28
Оқиғалар

Қарағандыда сенбілік кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Жаңа туған сәбиін өлтірген әйелге іздеу салынды

Қарағандыда сенбілік кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Фото: Depositphotos

Қарағандыда сенбілік кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, 9 сәуірде Киров полиция бөліміне қала көшелерінің бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Нәрестенің денесін сенбілік кезінде 26 жастағы қарағандылық тұрғын тауып алған. Сәбидің денесі гараждың артында пакет ішінде болған. Ұл баланың денесінен қандай да бір жарақат табылған жоқ», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Оқиға дерегі бойынша «Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіруі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына сауалнама жүргізіліп, жаңа туған нәрестенің анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары