$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.04.2022, 09:03
Оқиғалар

Ақтауда көлік қағып кеткен жасөспірім комада жатыр

Бала бүгінгі таңда жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

 
Ақтауда көлік қағып кеткен жасөспірім комада жатыр
Фото: inform.kz

Ақтауда көлік қағып кеткен 12 жастағы жасөспірім ауыр халде жансақтау бөлімінде комада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 10 сәуірде сағат 15:25-те 17-шағынаудандағы «Green Park» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы тұста болған.

«12 жастағы жасөспірімнің жолды реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен кесіп өткені анықталды. Оны тежегішін басып үлгермеген Toyota Camry көлігінің жүргізушісі қағып кеткен. Зардап шеккен бала балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жедел жәрдем қызметі оқиға орнына 15 минуттан соң жеткен.

«Дәрігерлер жол апаты салдарынан жарақат алған 12 жасар балаға ашық бас сүйек-ми жарақаты, самай сүйегінің сынуы диагнозын қойды. Сондай-ақ миының ауыр түрде ісінуі байқалып отыр», - дейді дәрігерлер.

Жасөспірімген дәрігерлер шұғыл түрде ота жасады. Операция 1 сағат 20 минутқа созылған.

Қазіргі таңда бала бірінші дәрежелі комада жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Серіктес жаңалықтары