Шардарада балық қырылды

Azattyq Rýhy

Мамандар тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр 

Шардарада балық қырылды
Фото: ашық дереккөзден

Шардара су қоймасында балық қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жағдай Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының рейдтік шарасы барысында анықталған. Мамандардың айтуынша, шамамен 4 келідей мөңке және сазан шабақтар жағаға шығып қалған. Өлекселердің сыртқы жамылғысында өзгеріс байқалады, дейді қорықшылар. Қазір Шардара қалалық ветеринарлық қызметінің зертханасына сынама жіберілді. Судың да сынамасы анықталады.  

"Шардара қаласы бойынша ветеринарлық қызмет зертханалық зерттеу үшін балықтардың сынамаларын алдым. Арал-Сырдария облыстық бассейнінде балық шаруашылық инспекциясы олардың қырылу қаупі мен өлім анықталған кездегі өзара схемасына сәйкес барлық  мүдделі орындарға хабар бердім. Бүгін Түркістан облысы бойынша Экология департаменті ғылыми өндірістік орталығы жауапкершілік шектеулі серіктестігі Арал филиалы сумен сынама жоспарлап отыр. Зертханалық зерттеулер нәтижесі бойынша сараптамалық қорытынды әзірленеді", – дейді Балық шаруашылығы комитетінің ресми өкілі Аслан Жеңісұлы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.