Павлодарда көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шығып, 5 адам эвакуацияланды

Azattyq Rýhy

Өрттен екі адам зардап шекті

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шықты деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін, яғни 6 сәуір күні сағат 12:57-де Павлодар қаласындағы Н.Назарбаев даңғылы, 20 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Бес қабатты үйдің жертөлесіндегі қоймадан бастау алған жалын ағаш қабырғаларды шарпып, аумағы 8 шаршы метр жерді өрт алған. Жоғарғы қабаттардан баспалдақ арқылы өрт сөндірушілердің көмегімен 6 адам, төртінші кіреберістен 5 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Өрттен 1961 және 1974 жылдары туған ер адамдар қолдарынан 1 дәрежелі күйік алған. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда тұрғындар ауруханаға жатудан бас тартты. Тілсіз жау сағат 13:30-да толықтай сөндірілді. 

Өрт орнында Павлодар облысы ТЖД, АМО-ның 28 қызметкері мен 8 техникасы жұмылдырылды.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.