02.04.2022, 03:24
Оқиғалар
Семей көшесінде мылтықпен жүрген жасөспірім жұртты шошытты
Тексеру барысында жасөспірім ойыншық қару ұстап жүргені белгілі болды
Семей қаласындағы Затон полиция бөлімінің кезекші бөліміне 342 кварталдағы «Радуга» сауда үйі ауданында жас жігіттің мылтықпен жүргені туралы хабарлама түскен, деп жазады Алтайньюс.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қолында телескопиялық көздеуіш бар мылтық алып жүрген 17 жастағы жігітті ұстады.
Тексеру барысында жасөспірімнің екі күн бұрын туған күнінде ата-анасы берген ақшаға ойыншық қару сатып алғаны белгілі болды.
«Затон полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының қызметкерлері заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған балаға қатысты профилактикалық әңгіме жүргізді. Ойыншық мылтық туған күн иесіне қайтарылды», - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады