$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.04.2022, 08:43
Оқиғалар

Семейде екі қыз мұз астына құлап кетіп, біреуі мерт болды

Қайғылы оқиға 3 сәуір күні сағат 16:33-те болған

Семейде екі қыз мұз астына құлап кетіп, біреуі мерт болды
Фото: ШҚО ТЖД

Семейде Ертіс өзенінде суретке түспек болған екі қыз мұз астына құлап кетіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 сәуір күні сағат 16:33-те болған.

«Ертіс өзенінің маңындағы «Восточный» кентінің 1999 және 1998 жылы туған екі тұрғыны суретке түспек болғанда мұз астына құлап кетті», - деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткенше, сол маңда болған Әли Тораев есімді тұрғын көмекке жетіп, 1998 жылғы қызды аман алып қалған, оған медициналық көмек қажет болмаған.

«Тораев екінші туысына көмектесіп үлгермеген. Құтқарушылар марқұмның денесін судан алып шықты», - делінген хабарламада.

ТЖД қызметкерлері көктемде мұз үстіне шықпауды, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.  

Серіктес жаңалықтары