Ақмола облысында жасөспірімдерден психотроптық зат тәркіленді
Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу басталды
Ақмола облысында кәмелетке толмаған балалардан психотроптық заттар тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу шеңберінде Көкшетау қаласында 16 және 17 жастағы екі жасөспірімді ұстады, олардан санкцияланбаған тінту барысында ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар түйіншек тәркіленді», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар ұсталғандар «жасырын» орындарын айтты, ол жерден де ұқсас заттары бар түйіншектер табылып, тәркіленді.
Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы 800 грамнан асатын психотроптық зат болып шықты.
Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.