Алматыда көпқабатты үйдегі өрт кезінде 26 адам құтқарылды
Сонымен қатар түтінге оранған қауіпті аймақтан 40 тұрғын эвакуацияланды
Бүгін таңертең Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты Ақсай-1А шағынауданында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жаудың аумағы 20 шаршы метрді құраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, арнайы автосаты, құтқару қалпақтары мен баспалдақ маршы арқылы 26 адамды, оның ішінде 2 баланы аман-есен құтқарып алды. Сонымен қатар түтінге оранған қауіпті аймақтан 40 тұрғын эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілердің кәсіби әрі жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау жарты сағат ішінде толығымен ауыздықталды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ ма мамандар қазіргі уақытта өрттің шығу себебін анықтап жатыр.