Алматыда бір мезетте оннан астам көлік соқтығысты

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр

Алматыда бір мезетте оннан астам көлік соқтығысты

Ауа райының нашарлауы салдарынан Алматы қаласының Шығыс айналма жолында 10-нан астам көлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, көктайғақ, арақашықтықты сақтамау және жылдамдық режимін бұзу салдарынан бір мезетте бірнеше жол-көлік апатына болған.

«Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалғандықтан, қоршауды соқты. Оның артынан келе жатқан көлік иелері көктайғақ салдарынан тежеуішті басып үлгермеген. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген ПД хабарламасында

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

«Оқиға орнына келген жедел жәрдем көлік жүргізушілерінің бірінің жағдайын бақылап отыр. Оған алғашқы көмек көрсетілді. Зардап шеккен адам ауруханаға жатудан бас тартты», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.