Ақмола облысында құрылыс жұмысы кезінде адам сүйектері табылды

Azattyq Rýhy

Сүйек қалдықтары табылған жерде бұрын жеке тұрғын үй болған

 

Ақмола облысында құрылыс жұмысы кезінде адам сүйектері табылды

Ақмола облысының Бурабай ауданында құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Биылғы жылдың 29 наурызында Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне Мәдениет ауылында жаңадан салынып жатқан ғимараттың құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектері табылғаны туралы хабар түсті. Айтылған жерге дереу полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары барысында адамның сүйегіне ұқсас 18 сүйек табылды», - деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде осыған байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Анықталғандай, сүйек қалдықтары табылған жерде шамамен 35-40 жыл бұрын жеке тұрғын үй болған. Қазіргі уақытта осы учаскеде «Бурабай МҰТП Золотобор орманшылығы» ғимаратының құрылысы жүргізілуде», - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметінен.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.