Атырау облысында жылқы қырылып жатыр

Azattyq Rýhy

Кесел төрт түліктің ішінде тек жылқыда кездесіп отыр

Атырау облысында белгісіз дерттен жылқылар қырылып жатыр. Құрманғазы ауданының халқы далада жайылымда жүрген малының өлексесін тауып алуда. Олардың айтуынша, кесел төрт түліктің ішінде тек жылқыда кездесіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Артқы екі аяғынан шойырылып, дем жетпеу – кеселге тап болған жылқылардың бәріне ортақ дейді мамандар. Әзірге нақты диагноз қойылмай отыр. Жергілікті мал дәрігерлері қан ауруы ретінде тіркеп, емдеуде. Дәл қазір 27 жылқы мамандардың бақылауында. Ал қаншасы қырылғаны әлі есептелмеген. Жылқының көбі Хамит каналы бойында жайылады. Екі шақырым аумақта 45 үйір жылқы жүр дейді ветеренарлар. Шаруалар дабыл қаққанымен, аймақта әлі күнге комиссия құрылмаған.

«Мал жалпы әлсіз, артқы аяғынан шойырылады. Сосын тұрып құлайды. Аузын ашады. Демала алмайды. Сойып қараған кезде жүрегі, өкпесі ісіп кеткенін көресіз. Қаны ұйымайды. Негізгі белгілері бойынша қан ауруларына жатады, ауданда комиссия құрылған жоқ», - деді Құрманғазы аудандық ветеренариялық станциясының басшысы Асланбек Бірғалиев.

 
 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.