$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.03.2022, 23:39
Оқиғалар

Ақмола облысында баланың көзінше кісі өлтірген қылмыскер сотталды

Қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланған болатын

Ақмола облысында баланың көзінше кісі өлтірген қылмыскер сотталды

Ақмола облысында баланың көзінше кісі өлтірген қылмыскер жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атына Көкшетау қаласының тұрғыны Зура Ақжановадан алғыс хат келіп түскен. Онда ол облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Алмас Ілиясовқа, Тергеу басқармасының тергеушісі Мұхан Ысқақовқа және Көкшетау қаласы ПБ тергеушісі Рауан Мұзаевқа анасы мен әпкесін өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу кезінде өзінің функционалдық міндеттерін адал атқарғаны үшін үлкен алғыс білдіреді.

Өз хатында әйел олардың қажырлы еңбегінің арқасында кісі өлтірген күдіктіні анықтап, ұстай алған тергеушілердің бірлескен жұмысына жоғары баға берді.

"Қылмыс жасаған күні қаскүнем Көкшетау қаласында мас күйінде жәбірленушілердің үйіне келіп, қорғансыз әйелдерге пышақпен көптеген дене жарақатын салып, көпқабатты үйдің кіреберісінде және пәтерінде оларды қатігездікпен өлтірген.

Қаскүнемнің құрбандары 37 және 68 жаста болған. Сонымен қатар қайтыс болған әйелдің жас қызы қанды қылмыстың куәгері болған", - делінген ПД хабарламасында.  

Осы оқиғадан кейін қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланған болатын. Көп ұзамай полиция оны көрші мемлекеттің аумағынан анықтады. Онда ол өзгенің атын жамылып жүріп отбасын құрған. Қандықол қылмыскерді қазақстандық сотқа беру үшін көкшетаулық тергеушілер прокуратураға оны экстрадициялау туралы қолдаухат жіберген.

Қазіргі уақытта қылмыскер лайықты жазасын өтеп жатыр. Өз хатында әйел полиция қызметкерлеріне ауыр еңбегі, адалдығы және жақындарының өлімін тергеу кезінде өз міндетін тиісінше орындағаны және қылмыскердің әділ жазалануына күш салғаны үшін алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары