Алматы облысында екі балықшы суға кетті

Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 28 наурыз күні болған 

Алматы облысында екі балықшы суға кетті

Алматы облысында екі балықшы суға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РЖҚЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

28 наурызда сағат 17:30-да РЖҚЖ кезекші – диспетчерлік бөліміне Деревянное көлінде оқыс оқиға орын алды деген хабарлама келіп түсті. 1973 және 1969 жылы туған екі балықшы үрлемелі резеңке қайықпен балық аулау кезінде, қайық кенеттен аударылып, ер адамдар суға батып кеткен. Куәгерлер бірден ер адамның біреуінің денесін судан шығарып алған.  

Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы оқиға орнына шықты. Іздестіру – құтқару шараларын жүргізу барысында, сағат түнгі 00.00-де құтқарушы-сүңгуірлер екінші ер адамның денесін тауып, судан шығарды.

Құтқарушылар қайықпен балық аулау кезінде сақ болыңыздар, міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіздер деп ескертеді. 

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.