$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.03.2022, 00:50
Оқиғалар

Ақмола облысында спорттық жарыс кезінде мұғалім қайтыс болды

Қайғылы оқиға 28 наурыз күні ұстаздар арасындағы турнир кезінде болған

 

Ақмола облысында спорттық жарыс кезінде мұғалім қайтыс болды

Ақмола облысында спорттық жарыс өтіп жатқан кезде мұғалім қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Көкшетау Азия» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 28 наурыз күні Біржан сал ауданында ұстаздар арасындағы «Мұғалім» чемпионатының іріктеу турнирі кезінде болған. Байқауға ауданның 10 мектебінен келген мұғалімдер қатысқан. Жарыстар спорттың бірнеше түрі: волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, биатлон және ұлттық спорт түрлері бойынша өткен.

«Мамай ауылындағы негізгі орта мектеп» КММ директорының 43 жастағы орынбасары Гүлжан Мұсабаева жарысқа қатысуға рұқсат алып, волейбол мен үстел теннисі командаларына қабылданды.

«Волейбол ойыны кезінде Гүлжан Қабиденқызы өзін жайсыз сезініп, алаңнан шықты да, орындыққа отырды. Біршама уақыттан кейін құлап, есін жоғалтты. Оған медқызметкер алғашқы медициналық көмек көрсеттік, жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілгенімен өкінішке қарай, қайтыс болып кетті», - деп хабарлады білім бөлімінен.

Марқұм тұрмыста болған, артында үш баласы қалды. Мектеп директорының айтуынша, бұрын ол денсаулығына шағымданбаған және Біржан сал аудандық аудандық орталық ауруханасында есепте тұрмаған. Жыл сайынғы медициналық тексеруден өтіп жүрген, жұмысқа рұқсаты бар.

Ақмола облыстық полиция департаменті мұғалімнің денесін тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр, тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары