Ақмола облысында жоғалып кеткен жас жігіт Алматыдан табылды
20 жастағы жігіттің қылмыс немесе құқықбұзушылық жасамағаны анықталды
Ақмола облысында Із-түзсіз жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт Алматыдан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер 20 жастағы жігітті тауып, анасына қайтарды.
Криминалдық полиция құрылымының қызметкерлері бірқатар іздестіру шараларын жүргізіп, жас жігіттің тұрған жерін анықтады.
«23 наурызда Целиноград ауданының тұрғыны полицияға арыз беріп, оның ұлы 20 наурызда кешкі сағат 20.00 шамасында үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмағанын хабарлады. Жігіттің қайда екені белгісіз еді, сондықтан ұялы телефонға бағыттау орнатылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған адамды Алматы қаласының аумағында тапты», - делінген ПД хабарламасында.
Жас жігіттің қылмыс немесе құқықбұзушылық жасамағаны анықталды. Ол оңтүстік астанаға бару көптен бергі арманы болғанын түсіндіріп, сапарға шыққан бетте туыстарын ескертуді ұмытып кеткенін айтты.