20.01.2020, 22:17
Оқиғалар
Алматыда бала күтуші 1,5 жасар сәбиді ұрып-соқты
Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Фото: видеокадр
Алматыда бала күтушінің сәбиді ұрып жатқан сәті жасырын бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Facebook-тегі Немолчи.kz-парақшасында жазылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Баланың ата-анасы өздері жоқ кезде балаларының көп жылайтынын естіген соң үйге жасырын камера орнатқан. Кейін бейнежазбадан бала күтушінің 1,5 жасар бүлдіршінді ұрып-соғатыны белгілі болған.
Осы оқиғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы («Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Алматы қалалық Полиция департаменті бейнежазба зерттеліп жатқанын хабарлады.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)