28.03.2022, 08:42
Оқиғалар
Ақсу ауылдық аймағында бірнеше бас қой қырылып қалды
Қойларға қасқыр шапқан болуы мүмкін деген болжам бар
Фото: ашық дереккөзден
Көктас ауылының тұрғыны бір түнде 13 бас ұсақ малынан айырылып қалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео пайда болды. Жануарлар бұрыштарда жайрап жатыр. Олардың арасында тірі қойлар да бар. Қойларды қасқыр қырып кетуі мүмкін деген болжам тарауда.
"Қой иесінің айтуынша, бұл қаңғыбас иттер емес, олар жүгіріп шығып, жанында тұрған коттедждің аумағына қарай кеткен. Барлық жиналған материалдарды полицияға береміз", – деді облыстық ветеринарлық станциясы Ақсу филиалының басшысы Мират Тиканов.
Әлеуметтік желіде тараған видеоның астында қолданушылар қаңғыбас иттердің санына қатысты алаңдаушылық білдіруде.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген