28.03.2022, 08:57
Оқиғалар
Украинадағы қақтығыстан 1119 бейбіт тұрғын қаза тапты - БҰҰ
Құрбандардың арасында 99-ы бала
Фото: ашық дереккөзден
Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 1 119 бейбіт тұрғын жан тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынған мәліметі. Оған сәйкес құрбандардың арасында 99-ы бала екен. Тағы 1 800-ге жуық адам жарақат алған. Десе де, Ұйымның адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссары аймақтағы адам шығыны ресми статистикадан да көп болуы мүмкін деп топшылайды. Мәселен, атыс-шабыс үдеп тұрған аймақтармен хабар алмасу қиынға соғып тұр. Қазір, әсіресе, Мариуполь, Волноваха, Изюм мен тағы бірнеше өңірде жағдай қиындап барады.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
