Қостанай облысында екі адамды өлтіріп кеткен күдікті ұсталды
Полицейлер ер адамды ауылдастарының көмегімен қолға түсірген
Қостанай облысының полицейлері Сарыкөл ауылында аса ауыр қылмыстың – екі бірдей кісі өлімінің бетін ашты. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаментініңі бастығы Ерлан Омарбеков Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
19 нурызда Сарыкөл ауылының тұрғыны жеке тұрғын үйден 1974 және 1965 жылы туған екі ер адамның мәйітін тапқан. Марқұмдардың денесінде зорлық-зомбылық ізі болған.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі, яғни «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты ашу үшін тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлері кірді», - делінген хабарламада.
Тергеу барысында қылмыстың бірнеше нұсқасы алға тартылды.
«Жедел іздестіру шаралары барысында Сарыкөл ауылының 2001 жылы туған тұрғыны ұсталды. Оның екі бірдей адамды өлтіруге қатысты кінәсі тергеу әрекеттері, алынған заттай айғақтар, сондай-ақ кінәсін мойындау арқылы расталады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алу таңдалды. Қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деп жазды облыстық ПД бастығы.
Осы қылмысты ашу барысында Сарыкөл ауылының тұрғындары үлкен көмек көрсеткен.