Шымкентте 12 жасар бала жоғалып кетті
Мектеп оқушысын іздестіру шаралары басталды
Шымкентте 12 жасар бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шымкент қаласы Еңбекші АПБ-на 23 наурызға қараған түні сағат 03:50-де 2010 жылы туған ұлы Владимир Тиссеннің жоғалып кеткені туралы арызымен жергілікті тұрғын жүгінген.
Анасы оның үйден ойнау үшін шығып кеткенін және қайта оралмағанын айтты.
Аталған арыз полиция басқармасына тіркеліп, мектеп оқушысын іздестіру шаралары басталды.
Қазіргі таңда, Шымкент полицейлері баланың жүрген жерін анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Кәмелетке толмаған баланы іздеуге барлығы 150-ден астам полиция қызметкері мен еріктілер жұмылдырылған.
Даниилдің ерекшеліктері: бойы 140-145 см шамасында. Шашы - қоңыр, көзі - көк түсті . Үстінде ақ дақтары бар қара күрте, қара түсті трико және қара кроссовка болған.
Баланың қайда екенін білетіндер 102 нөміріне хабарласа алады.