$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.01.2020, 12:51
Оқиғалар

Атырауда жылу құбыры маңына нәрестесін тастап кеткен көкек ана табылды

Ол 21 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты

Атырауда жылу құбыры маңына нәрестесін тастап кеткен көкек ана табылды
Фото: ашық дереккөзден

Атырауда жылу желісінің маңына қалдырып кеткен жаңа туған нәрестенің анасы ұсталды. Ол 21 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі мәлімет бойынша, ол жүктілігін жасыру үшін Атырауға арнайы келген, деп хабарлайды Ақ Жайық.

«Күдіктіні 17 қаңтарда бейнебақылау камераға түскен бейнежазбалар арқылы тапқан. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 119-бабының 1-бөлігі «Қауіпті жағдайда қалдыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

Бұл бап 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 45 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Баланың ендігі тағдырын кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сот шешетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Атырау #нәресте