$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2022, 00:06
Оқиғалар

Жиырма жастағы қазақстандық әйелден тіс пен шаш жиналған ісік алынды

Аурухананың баспасөз қызметі ісіктің туа біткен болуы мүмкін екенін атап өтті

 

Жиырма жастағы қазақстандық әйелден тіс пен шаш жиналған ісік алынды

Алматы орталық клиникалық ауруханасының гинекологтары науқастан он сантиметрлік кистаны алып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Аурухананың баспасөз қызметі ісіктің туа біткен болуы ықтимал екенін атап өтті. Одан бір уыс шаш, тіс, ұсақ сүйек және май табылды.

«Дермоидты киста әдетте қатерсіз ісікке жатады. Ол адам өміріне қауіп төндірмейді, бірақ оны мүмкіндігінше абайлап алып тастау керек. Ісік күн санап өсе берген, оның пайда болуының нақты себептерін атау қиын, себебі әйел денесі тым күрделі келеді. Дегенмен мен мұндай кистаны бұрын-соңды көрген емеспін», – дейді Алматы орталық клиникалық ауруханасының (Совминка) гинекология бөлімінің меңгерушісі Шолпан Әлиева.

Операция сәтті өткен соң науқас өзін жақсы сезініп, дәрігерлерге алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары