$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.03.2022, 00:02
Оқиғалар

Маңғыстау облысында көліктің баланы қағып кеткен сәті түскен видео жарияланды

Жол-көлік оқиғасы 14 наурызда болған

Маңғыстау облысында көліктің баланы қағып кеткен сәті түскен видео жарияланды

Әлеуметтік желіде 14 наурыз күні Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде көліктің баланы басып кеткен видеосы пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 наурызда сағат 13:30 шамасында Маңғыстау ауылындағы «Келдаман» сауда үйіне қарама-қарсы тұста болған.

Opel Vectra көлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 6 жасар қызды қағып кеткен.

«Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі және 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды», - деп хабарлады облыстық полиция.

Серіктес жаңалықтары