Ақмола облысында жоғалып кеткен үш жасөспірім табылды
Полицейлер балалардың орналасқан жерін жедел анықтап, үйіне қайтарды

Өткен демалыс күндері Ақмола облысында үш жасөспірімнің ата-анасы із-түзсіз жоғалған балаларды іздестіру үшін полицияға жүгінді. Балалардың орналасқан жері жедел анықталып, балалар үйіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 11 наурызда Целиноград полиция бөліміне үшінші топтағы мүгедектігі бар ата-ана өтініш білдіріп, 15 жасар қызының Нұр-Сұлтан қаласына кеткен соң байланысқа шығуын тоқтатқанын хабарлады. Қыздың 5 күн бойы байланысқа шықпағаны белгілі болды.
Сол күні 10 наурызда Талапкер ауылының тұрғыны Астанаға кеткен 14 жасар ұлының жоғалғаны туралы полицияға хабарлады.
«Целиноград ауданының полиция бөлімінің жеке құрамы криминалдық және ювеналдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп балалардың орналасқан жерін анықтау бойынша тынымсыз жұмыс жүргізді. Жедел уәкілдер жоғалып кеткендердің қарым-қатынас шеңберін мұқият зерттеп, көп ұзамай балалардың орналасқан жерін анықтады. Екі жасөспірім де өздерінің достарымен елордада болған», - делінген ПД хабарламасында.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жедел уәкілдер із-түзсіз жоғалған Зеренді ауылының тұрғыны, колледж студентінің тұрған жерін анықтады.