$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.03.2022, 22:55
Оқиғалар

Қайрат Сатыбалды Дубайға ұшып кетпек болған

Антикор «Қазақтелекомнің» Алматы мен елордадағы кеңселерінде тінту жүргізіп жатыр

«Дубайға ұшып кеткісі келген». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы күні кеше қолына кісен салынған Қайрат Сатыбалды туралы осылай деді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі  «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Мәжіліс кулуарында Олжас Бектенов «Қазақтелеком» қаражатын жымқыру туралы мән-жайды толықтырып, Сатыбалдыны қалай ұстағандарын айтып берді. 

«Бұлтартпау шарасы әлі қолданылған жоқ. Бәрін сот анықтайтын болады. Алматы әуежайында, Дубайға ұшар кезінде ұсталды. Kaspi банкке қатысы туралы ештеңе айта алмаймыз. Күні кеше ғана тергеу амалдарын бастадық. Маңызды ақпарат пайда бола халыққа, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жеткіземіз», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов.

13-наурызда Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» компаниясының қаражатын аса ірі көлемде жымқырды және лауазымдық қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сатыбалдының ісі бойынша Антикор «Қазақтелекомнің» Алматы мен елордадағы кеңселерінде тінту жүргізіп жатыр. Қайрат Сатыбалды Ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры, мемлекеттік органдарда бірнеше жыл қызмет еткен.

 
Серіктес жаңалықтары