Павлодар облысында Нұр-Сұлтан бағытындағы жол жабылды

Azattyq Rýhy

Қарлы боран салдарынан көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды

Павлодар облысында Нұр-Сұлтан бағытындағы жол жабылды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысының аумағныда, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тасжолында қарлы боран соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«13 наурызда сағат 10:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қарлы боран) Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тасжолында (200-254 км, Ақмола облысының Шідерті ауылы шекарасы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысы тоқтатылды», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қазақстанның барлық дерлік аймағында дауылды ескерту жарияланды. Оның ішінде, Павлодар облысының оңтүстігінде бұрқасын болып, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.