Екібастұзда иен далада адасып кеткен ер адам табылды

Azattyq Rýhy

Ол түнгі уақытта Шідерті ауылы маңындағы далада адасып кеткен

Жедел іздестіру жұмыстарына үш адам және Шідерті кентінің № 14 өрт сөндіру бекетінің  бір техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 наурыз күні сағат 21.20-да  «112» пультіне ер адам хабарласып, көмек сұраған. Ол түнгі уақытта Шідерті ауылы маңындағы далада адасып кетіп, қатты шаршағанын айтып шағымданған.

«Құтқарушылар 38 минуттан кейін Шідерті ауылынан 10 шақырым жерде Байет ауылының маңында 1996 жылы туған ер адамды тапты.  Олар 1996 жылы туған ер адамның Екібастұз қаласынан Шідерті кентіне келгенін және Шідерті кентінен Байет ауылының жанындағы  шаруашылыққа жаяу жетуге шешім қабылдағанын анықтады», - дейді департаментте.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.