$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.03.2022, 01:53
Оқиғалар

Қызылордада жоқ көліктерді сатқан алаяқ әйел ұсталды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Қызылордада жоқ көліктерді сатқан алаяқ әйел ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада жоқ көліктерді сатқан алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Ол желіге жалған хабарландыру жүктеп, сатып алушылардан алдын ала ақша талап еткен белгісіз адамға қатысты шаралар қолдануын сұраған.

«26 жастағы әйел ер адамның атынан аккаунт ашып, көлік сату туралы жарнаманы Kolesa.kz сайты арқылы жариялаған. Сатып алушыларды төмен бағамен қызықтырып, алдын ала төлемнің бір бөлігін шотқа аударуға көндірген. Ақшаны алғаннан кейін жәбірленушінің телефон нөмірін «қара тізімге» кіргізіп, сенгіш адамдарды алдауын жалғастырған», - делінген хабарламада.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті әйел ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алаяқтың ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
 

Серіктес жаңалықтары