Ақтауда дәрігерлер 14 жастағы қыздың ішегінен бір уыс шаш пен ине алып шықты
Отаны былтыр тамызда басы дауға қалып, бір тәулік изоляторда отырып шыққан дәрігер Насуқан Отарғазиев жасаған
Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері 14 жастағы қыздың ішегінен бір уыс шаш пен ине алып шықты. Операцияны өткен жылы жазықсыз жазаланған дәрігер Насуқан Отарғазиев жасады, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі.
«Рентген аппаратына суретке түсіргеннен кейін ішектен бөгде зат анықталды. Хирургтің жедел ота жасауының арқасында, қыздың ішегінен ине мен бір уыс шаш шықты», - деп жазды Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.
Сондай-ақ Сәрсенбаев операциядан кейін асқыну болған жоқ, баланың жағдайы қанағаттанарлық деді.
Насуқан Отарғазиевты өткен жылы ауруханаға келген әйелге әдепсіз сөйледі деп кінәлаған болатын.
Кейін апелляциялық инстанция оны құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтап шықты.