$ 513.68  583.03  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.01.2020, 05:29
Оқиғалар

Бір апта бойы көлігімен қар астында қалған әйел құтқарылды

68 жастағы көлік жүргізушісі деменциямен ауырады екен

Бір апта бойы көлігімен қар астында қалған әйел құтқарылды

Калифорния штатының деменциямен ауыратын тұрғыны бір аптадан соң Сакраментоның солтүстік шетіндегі таудан табылған. 

Құтқарушылар тобы Бьютт округінің шерифтік кеңсесіне тиесілі тікұшақпен жергілікті аумақты аралап жүргенде, қар басып қалған автокөлікті байқайды. Көліктің түр-түсі бір апта бұрын жоғалып кеткен 68 жастағы Пола Бет Джеймстің автокөлігіне ұқсас болған.

Пилот тікұшақты қондырған соң, шерифтік кеңсенің екі қызметкері көлік тұрған жерге әупірімдеп жеткен. Көлікті қардан аршып қарағанда, ішінен іздеуде жүрген әйелдің өлім аузында жатқанын көреді. Бұл туралы АҚШ-тың жергілікті полициясының баспасөз қызметі хабарлаған.  

Әл-дәрмені құрып, суықтан әбден тоңып әлсіреген Джеймс бірден ауруханаға жеткізілген, оның қазіргі жағдайы тұрақты деп бағалануда.   

Бұрындары Альяска штатының 30 жастағы тұрғыны Тайсон Стилдың үш апта бойы аязды далада түнеп шыққаны туралы да әлем басылымдары жарыса жазған еді. Үйі өртеніп кеткен ер адамды тікұшақпен өтіп бара жатқан әскерилер қар бетіндегі SOS жазуы арқылы тауып алған. 

Серіктес жаңалықтары