$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2022, 09:04
Оқиғалар

Маңғыстау облысында 185 келі марихуана тәркіленді

Бір әйел мен екі ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстау облысында 185 келі марихуана тәркіленді

Маңғыстауда 185 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

25 ақпанда Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласы мекенжайы бойынша орналасқан өнеркәсіптік аймақ аумағында “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қоймадан ГАЗель көлігіне жүк тиеу кезінде үш адамды ұстады.

Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде ГАЗель көлігінің борт бөлігінен жалпы салмағы 185 келі 980 грамм сары түсті марихуана есірткі заты бар сегіз картон қорап табылып, тәркіленді. 

Бұл есірткі құралы оңтүстік облыстардан Маңғыстау облысының аумағына одан әрі өткізу мақсатында әкелінген. 

38 жастағы әйел мен 28 және 31 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-де тіркелді. 

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті жедел-тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары