27.02.2022, 14:53
Оқиғалар
Павлодарда жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамының 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды
Фото: Облыстық ТЖД
Оқиғада зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, оқиға туралы хабар 26 ақпан күні сағат 18:25-те келіп түскен.
«Оқиға Павлодар қаласының Усолка шағын ауданындағы «Ertis Olympic» бассейні маңында болған. Хабарлама бойынша, 14 аймақтың нөмірі бар «Нива» автокөлігі мұз астына түсіп бара жатқан. Құтқарушылар келген бойда жүкшығыр мен арқандардың көмегімен көлікті жағаға шығарды», - деді департаментте.
Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД жеке құрамының 10 адамы мен 2 техникасы, «102» қызметі жұмылдырылды
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды