ШұғылCOVID-19: елімізде тағы 1060 адамнан коронавирус анықталды

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Жол-көлік апаты Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауылына жақын маңда болған

16 қаңтар күні түнгі сағат 01.30 шамасында Самар – Шымкент тасжолының  1170 шақырымында, Ырғыз ауылына жақын маңда болған жол-көлік апаты салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Қырғызстандық азамат тізгіндеген «Лада-21070» көлігі жолдың көктайғақ басқан бөлігіне жеткенде қарсы бетке шығып кеткен. Сол сәтте қатты жылдамдықпен келе жатқан Chevrolet Cruze автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Екінші көлікте Түркістан облысының тұрғыны болған.     

Жол-көлік апаты салдарынан «Лада» көлігінің 29 жастағы жүргізушісі салонында отырған үш жолаушысымен бірге оқиға орнында жантәсілім еткен. Тағы бір жолаушы әйел Ырғыз аудандық ауруханасына жеткізілді.   

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат