Павлодарда бір жарым жасар бала пәтерде жалғыз қамалып қалған
Құтқарушылар көмекке келіп, баланы ата-анасына табыстады
Павлодарда бір жарым жасар бала пәтерде жалғыз қамалып қалған. Оған құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекші пультіне Гагарин көшесі, 68 мекенжайы бойынша орналасқан үйде бір жарым жастағы бала пәтерде жалғыз жабылып қалғаны жайлы қоңырау түскен.
"Құтқарушылар учаскелік инспектордың қатысуымен альпинистік құрал-жабдықтар арқылы төртінші қабаттан үшінші қабаттың балконына түсіп, пәтерге кірді. Балаға көмек қажет болмады. Сәби ата-анасына тапсырылды", - делінген хабарламада.
Осыған ұқсас оқиға Екібастұзда орын алды. Үш және төрт жастағы балалар есікті ашпай қойған. Оқиға орнына келген құтқарушылар слесарлық құралды пайдалана отырып, алдыңғы есікті ашты. Балалар үйде ұйықтап жатқан.