Алаяқтар қызылордалық тұрғынның атынан 47 млн теңге рәсімдеген
Енді ол бірқатар банк пен микроқаржы ұйымдарына борышкер
Сөйтіп Қызылорда тұрғыны банктерге 47 млн теңге қарыз болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Алайда тиісті несиені оның атынан белгісіз біреулер рәсімдеген. Енді ол бірқатар банк пен микроқаржы ұйымдарына борышкер. Алаяқтар оның жеке мәліметтері мен электронды цифрлық қолтаңбасы сақталған флешкасын пайдаланған көрінеді. Зардап шегуші полицияға арыз берді. Қылмыстық іс қозғалды. Алайда алаяқтар әлі ұсталған жоқ. Ең сорақасы, берешек сомасы күн сайын артып барады. Ал қарапайым инженердің төлейтін мүмкіндігі жоқ.
«Бір күнде 3 банкі кредит беріп отыр. Олар айтып отыр, база бір дейді. База бір болса, неге бересіңдер сендер? Ол 3-5 млн теңге, мысалы. Барлық жабылған шот, ашылған шот трансзакцияларын әкеп бердім. Соның ішінде көбінесе карталардан Алматы жақтан алған. Мен ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын. Күн-түн демей, жұмысымызды істейміз», - дейді қала тұрғыны Жанабай Махамбетов.