ШұғылCOVID-19: елімізде тағы 1060 адамнан коронавирус анықталды

Атырауда кәріз құбыры жанынан нәресте табылды

Баланы үйіне алып келген әйел дереу жедел жәрдем мен полиция шақыртқан

Атырауда кәріз коллекторының маңынан нәресте табылды. Қазіргі уақытта құзырлы орган өкілдері нәрестені құтқарумен айналысуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні түске дейін Авангард шағын ауданының тұрғыны кәріз коллекторының басына орнатылған үйшіктен кішкентай баланың жылаған даусын естіген. Коллекторға жақындағанда тұрғын кішкентай нәрестені көрген. Баланы үйіне алып келген әйел бірден жедел жәрдем мен полицияға хабар берген.

«Иә, мұндай жағдайдың болған рас. Табылған нәресте қыз бала. Қазір оның жағдай ауыр, бірақ тұрақты. Медицина мамандары оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат