«Самара-Шымкент» автожолының кемпингінде жүргізуші екі көліктің ортасына қысылып қалды
34 жастағы ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді
"Самара-Шымкент" автожолының кемпингінде қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақтөбе облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
15 ақпанда сағат 12:15-те Хромтау қаласында орналасқан "Шерхан" кемпингінің тұрағында 34 жастағы "ГАЗ-330252" автокөлігінің жүргізушісі көлік құралының өздігінен жүріп кетуін болғызбайтын шаралар қолданбай, нәтижесінде автокөлік өздігінен артқа қарай жүріп, "ГАЗель" автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісін (БҚО тұрғыны) екі машина арасында қысып қалды.
Жазатайым оқиға нәтижесінде жүргізуші ауыр халде Хромтау аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды.
ҚР ҚК-нің 114-бабы 3-бөлігі "Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.