Түркістанда ауыл мектебінің қазандығы жарылды: бір адам көз жұмды

Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 8:05 шамасында болған

Түркістанда ауыл мектебінің қазандығы жарылды: бір адам көз жұмды

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Құрманғазы атындағы орта мектептің қазандығында жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

"15 ақпан сағат 08:05-те Сайрам ауданындағы (Қайнар бұлақ ауылдық округі, Ошақты елді мекені, Рысқұлов көшесі, 19 а) Құрманғазы атындағы орта мектептің аумағында жеке тұрған қазандықта бу жіберетін қазан жарылып, 20 шаршы метр болатын шатыр қирады",- делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Ведомство өртке қарсы қызмет шақырылмағанын атап өтті.

Жарылыс салдарынан 1963 жылы туған от жағушы оқиға орнында көз жұмды.

"Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері мен екі техникасы, полиция департаментінің сегіз қызметкері мен екі техникасы жұмыс істеді", – деді ведомстводан. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.