$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.02.2022, 12:18
Оқиғалар

Павлодар облысында боран салдарынан 80 жүк көлігі жолда тұрып қалды

Облыстық ТЖД жедел штабы дауылды ескертуге байланысты алыс жолға шығудан бас тартуға шақырды

Павлодар облысында боран салдарынан 80 жүк көлігі жолда тұрып қалды

Павлодар облысында боран салдарынан 80 жүк көлігі жолда тұрып қалды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Департамент 2022 жылғы 15 ақпан сағат 11.00-дегі  жедел ақпаратты ұсынды. 

"Шідерті кенті аумағында Қарағанды облысына бағыты бойынша 80 бірлік жүк көлігі жиналып қалған. Шідерті кентінде 2 жылыту пункті ашылды, тамақтану ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласы арқылы айналмалы жолмен шығудан бас тартты",  - деп жазылған хабарламада.

14 ақпан күні сағат 20:10 аралығында Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі республикалық маңызы бар Қызылорда - Павлодар автожолының учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды (1135-1206 км).

15 ақпанда сағат 05.25-тен бастап Қарағанды облысында республикалық маңызы бар Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновский (138-231 км) автожолының Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Еске сала кетейік, облыс  аумағында ағымдағы жылғы 15 ақпанда  сағат 21-ге дейін дауылды ескерту жарияланды. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Жедел желі нөмірі - 207-112

Серіктес жаңалықтары